Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыздар жиналысы
07
ноябрь
2025

Қыздар жиналысы

07.11.25 Бүгін мектебімізде 5, 6, 7-сынып қыздарына арналған жиналыс өтті. Жиналыстың басты мақсаты – оқушылардың мектеп ережелерін сақтауын қадағалау, мектеп формасына қатысты талаптарды түсіндіру, сондай-ақ жеке бас тазалығы мен тәртіп мәдениеті жайында әңгіме жүргізу болды.
Іс-шара барысында қыз балаларға мектеп формасын ұқыпты киюдің маңыздылығы, сырт келбет пен мінез-құлық мәдениеті, тазалық пен сыпайылықтың әр қыз баланың ажырамас қасиеті екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау, өз-өзіне күтім жасау, сыныпта және мектеп ауласында тәртіпті болу туралы пайдалы кеңестер берілді.
Жиналыс қыз балалардың өзіне сенімді, жауапты, ұқыпты және әдепті болуға бағытталған ой салды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер оқушылардың мәдениетті, салауатты, үлгілі тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: