Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали»
30
январь
2026

«Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали»

Мұқағали Мақатаевтің туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған
«Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали» атты айлық іс-шарамыз өз мәресіне жетті.
Осыған орай 2026 жылдың 30 қаңтарында мектебімізде «Мұқағали – мәңгілік мұра» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Кештің қадірлі қонақтары – Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың директоры Ахметов Ерлік Мұхаметжанұлы және әнші Мұрат Өміржан болды.
Кездесу барысында қонақтарға ай бойы жоспарға сай өткізілген іс-шараларымыз таныстырылып, оқушыларымыздың Мұқағали поэзиясына арналған тамаша өнерлері ұсынылды. Әсерлі өлеңдер мен жүрекке жеткен сахналық қойылымдар кештің көркін аша түсті. Қонақтармен жүргізілген мазмұнды сұхбат оқушылар үшін тағылымы мол, рухани әсері зор болды.
Сұхбат барысында дәстүрге сай қонақ кәде сұралып, Мұрат Өміржан ағамызның орындауындағы әсем ән кешке ерекше көрік пен жылылық сыйлады.
Бұл кездесу кеші оқушыларымыз үшін Мұқағали әлемін тереңірек танып-білуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға зор ықпал етті деп сенеміз https://www.instagram.com/p/DUOEEipDJDG/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: