Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали»
12
январь
2026

«Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали»

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали» атты айлықтың ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Тағылымы терең, рухани мәні зор бұл шара қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттауды мақсат етті.
Салтанатты кеш барысында оқушылар ақынның жүрек тербетер, ел мен жерге, туған тілге деген шексіз махаббатқа толы өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Поэзия сүйер қауым ақын жырлары арқылы оның сыршыл әлеміне терең бойлап, ұлы тұлғаның биік рухын сезіне алды.
Сонымен қатар, қатысушылар ақынның кіндік қаны тамған Қарасаз ауылындағы Мұқағали Мақатаевтың музейі туралы кеңінен таныстырылып, музей қорындағы құнды жәдігерлер, ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін деректер жөнінде мағлұмат алды. Бұл таныстырылым жас ұрпақтың туған жерге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Ашылу салтанаты барысында бір ай бойы жалғасатын айлықтың жоспары таныстырылып, алдағы уақытта өтетін поэзия кештері, әдеби байқаулар, шығармашылық кездесулер мен танымдық шаралар туралы айтылды. Айлық аясындағы іс-шаралар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған.
«Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали» атты бұл айлық – ұлы ақынның мол мұрасын ұлықтап, оның өшпес жырларын жас ұрпақтың жүрегіне жеткізетін мәні зор рухани шара болмақ.
#біртұтас_тәрбие #мұқағалимақатаев #мұқағалимұрасы


https://www.instagram.com/p/DTauo4-jBYu/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: