Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Эссе «Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали»
20
январь
2026

Эссе «Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали»

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Поэзияның Хантәңірі – Мұқағали» атты айлық аясында эссе байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, поэзия арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Шараға 7–9 сынып оқушылары белсене қатысып, өз шығармашылық қабілеттерін таныта білді. Қатысушылар Мұқағали поэзиясының тереңдігі мен тағылымын жан-жақты ашуға тырысты.
Эссе байқауы төмендегі тақырыптар бойынша өтті:
«Мұқағали жырларындағы шындық пен тағдыр» – ақынның өмір жолы мен өлеңдеріндегі өмірлік шындықты өзара сабақтастыра отырып талдау;
«Өлеңмен өрілген өмір: Мұқағали әлемі» – поэзия арқылы ақынның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін ашу;
«Мұқағали поэзиясы – ұлттық рухтың айнасы» – тіл, ел, жер, ұлт тақырыптарының ақын шығармаларындағы көрінісін көрсету.
Байқау оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қазақ поэзиясының заңғар тұлғасына деген құрметін арттырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: