Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұқағали жырлаған соғыс» атты сахналық қойылым
07
февраль
2025

«Мұқағали жырлаған соғыс» атты сахналық қойылым

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы «Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай және Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Мұқағали жырлаған соғыс» атты сахналық қойылым, поэзиялық жыр кеші өткізілді. Кешке Түрксіб ауданының әскери орынбасары майор Доскен Еркебұлан Сьезбекұлы, «Айбын» әскери патриоттың қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, майор Балтабаев Еркебұлан Жақсылықұлы, Кунуров Арман Тлеутаевич, запастағы подполковник Ибраймжанова Ғалия Габдулхаковна қатысты.
Кештің мақсаты:
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақын жырларының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру. Ақын жырлаған Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып білім алушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.
Кеш жоғары деңгейде өткізілді, кеш қонақтары өз ризашылықтарын білдірді. Кеш 1-11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылған.
Ұйымдастырушылар:
Аяулым Қайырбекқызы мен Жұлдызай Каримолдақызы   https://www.instagram.com/p/DFyAZA-ozzR/

#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#medetbekovameruert 
​​​​​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: