Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқушыларға
Кәсіптік бағдар беру
21
апрель
2026
Кәсіптік бағдар беру
Д. Бабаев атындағы 115 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары “Архитектура, дизайн және инженерия колледжі” КМҚК- ға барып танысып, оқуға түсу шарттарын біліп қайтты 
“Таза бейсенбі”
16
апрель
2026
“Таза бейсенбі”
“Таза бейсенбі” жобасы аясында бүгін 9-сынып оқушылары бейсенбілікке шықты. Оқушылар мектеп ауласын тазарту жұмыстарын жүргізіп, айналаны қоқыстан тазартып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында олар ауладағы жапырақтар мен қоқыстарды жинап, гүлзарлар мен жол жиектерін ретке келтірді. Бұл жұмыс оқушылардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Осындай игі бастамалар жас ұрпақты тазалыққа, тәртіпке
Кәсіптік бағдар. Ашық есік күні
13
февраль
2026
Кәсіптік бағдар. Ашық есік күні
Д. Бабаев атындағы № 115 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары Алматы Экономикалық-Құқықтық-Педагогикалық колледжіне Ашық есік күніне барды. Онда колледждің оқу бағдарламаларымен, мамандықтарымен танысып, оқытушылармен кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, арнайы дайындаған ойындарына қатысып, жүлделер алды. 
Сейсмо жаттығу
12
февраль
2026
Сейсмо жаттығу
Мектебімізде сейсмо жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет етуді үйрету. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, эвакуациялау жолдары көрсетілді. Барлық сыныптар белгіленген тәртіппен мектеп ауласына шықты. Мұғалімдер оқушылардың тәртіп сақтауын қадағалады. Бұл жаттығу бізге төтенше жағдайларда сабыр сақтаудың маңызын түсінуге көмектесті.  
Кәсірптік бағдар
11
февраль
2026
Кәсірптік бағдар
Д. Бабаев атындағы № 115 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларына Алматы Темір жол көлігі колледжінен келіп оқуға түсу шарттарымен, мамандықтармен және құжат қабылдау мерзімдерімен таныстырды. 
«Назар аудар жаяу жүргінші»
10
февраль
2026
«Назар аудар жаяу жүргінші»
10.02.2026 жылы №115 жалпы білім беретін мектебінде «Назар аудар жаяу жүргінші» жедел профилактикалық іс-шара барысында Түрксіб ауданы ПБ ҚҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік аға инспекторы полиция майоры Қ.Н. Өмішева, полиция майоры Н.Қ. Шатунов директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Омирзаковамен бірлесіп бастауыш сыныптар арасында «Жол жүру ережелері қағидасы», «Бағдаршам» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Қолдау сабағы
09
февраль
2026
Қолдау сабағы
11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау көрсету мақсатында жаднама таратылды. Жаднамада оқушылардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, қобалжуды төмендету және өз-өзіне сенімділікті арттыруға бағытталған ұсыныстар қамтылды. 
Кітаптар жайында
30
январь
2026
Кітаптар жайында
6”А” сыныбы өздерінің сүйікті кітаптары жайлы айтып, бөлісті https://www.instagram.com/p/DUHlOhkDPJR/
«Бала құқығы» түсіндірме жұмысы
29
январь
2026
«Бала құқығы» түсіндірме жұмысы
№115 жалпы білім беретін мектебінде Түрксіб ауданы ПБ ҚҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік аға инспекторы полиция майоры Қ.Н. Өмішева, полиция майоры Н.К. Шатунов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Омирзаковамен бірлесіп 9 сыныптар арасында «Буллинг», «Кибербуллинг», «Бала құқығы», «Азат туған азамат» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435, 434 баптарымен таныстырылды.
«Бала құқығы» түсіндіру жұмыстары
28
январь
2026
«Бала құқығы» түсіндіру жұмыстары
28.01.2026 жылы №115 жалпы білім беретін мектебінде Түрксіб ауданы ПБ ҚҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік аға инспекторы полиция майоры Қ.Н. Өмішева директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Омирзаковамен бірлесіп 9-10 сыныптар арасында «Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстауы», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі», «Бала құқығы» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 62 Вперед