Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күй күмбірі»
16
март
2026

«Күй күмбірі»

Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 22 Наурыз мерекесі аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Күй күмбірі» атты челлендж бұл жолы да жалғасын тапты. Бұл игі шараға мектебіміздің домбыра үйірмесіне қатысатын дарынды оқушылар белсене қатысып, қазақтың қасиетті домбырасынан төгілген күйлер арқылы көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Шара барысында оқушылар халық күйлері мен белгілі күйшілердің шығармаларын орындап, ұлттық өнердің тереңдігін көрсетті. Домбыраның күмбірлеген үні мен күйлердің сырлы әуені мерекелік кештің ажарын аша түсті. Әрбір орындалған күй көрермендерді ұлттық өнердің құдіретін сезінуге жетелеп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын тағы бір мәрте танытты.
https://www.instagram.com/p/DV8YvUYjODo/​​​ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

24 октябрь 2025 Күзгі бал
20 октябрь 2025 өнер апталығы
19 сентябрь 2025 «Адал азамат»
17 сентябрь 2024 Айтыс өнері