Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі бал
24
октябрь
2025

Күзгі бал

24 қазан 2025 жылы мектебімізде дәстүрлі түрде өтетін «Күзгі бал – 2025» шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 8, 9 және 10-сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік кештің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты арттыру болды.

Кеш барысында әр сынып өздерінің дайындаған көріністерін, би нөмірлерін және әндерін ұсынды. Сонымен қатар, «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауы өткізіліп, оқушылар сән көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Көрермендер мен қазылар алқасы қатысушылардың дайындығына жоғары баға берді.

Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Кеш көңілді өтіп, оқушылар мен мұғалімдер ұмытылмас әсер алды.
Күз ханзадасы мен ханшайымы 9 «Ә» сынып оқушылары Садыбек Амир мен Ержанқызы болды👑

Күзгі бал мектебіміздің ең әдемі және көңілді дәстүрлерінің біріне айналып отыр! 🍁✨

https://www.instagram.com/p/DQYuh9SjPZL/

Пресс-центр | Алатырский муниципальный округ Чувашской Республики

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

23 октябрь 2024 Күзгі бал
04 октябрь 2024 Дублер күні
17 ноябрь 2023 Күзгі бал