04
октябрь
2024
Дублер күні
Мұғалімдер күніне арналған оқушылардың өзін-өзі басқару "Дублер күнін" ұйымдастыруы.
"Ұстаздар күні" мерекесіне орай 4 қазан күні оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында "ДУБЛЕР КҮНІ" өткізілді.
Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып,белсенді ат салысты.
Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 10-11 сынып оқушылары атқарып, оқушылар өздері бір күн мұғалімдерге дублер болды.Дублёр күні оқушылар сабаққа ынта ықыласпен дайындалып, түрлі әдістермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді.
Оқушылар пән мұғалімдері мен қатар мектеп әкімшілігіне де дублер болды. Алдын ала оқушылардың қызметі түсінідірілді.
Мектеп қызметкерлері тек бақылап бағыт бағдар беріп отырды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындады. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі мүшелері,пән мұғалімдері де оқушылардың міндеттерін қалай атқарғаны жөнінде пікірлерін білдірді. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды.