«Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!» - атты мерекелік концерт өтті. » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!» - атты мерекелік концерт өтті.
05
октябрь
2022

«Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!» - атты мерекелік концерт өтті.

30 қыркүйек күні  ұстаздар мерекесіне арналған  «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!»  атты мерекелік  жиын өтілді

Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе   білуге  машықтандыру   және    келешек өмірлерінде әр   нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен   ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге, ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу.

Міндеті: оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.

І кезең:

1. Таңертеңгі  жиын

а) ДТІЖО  Жантасова Ж.  «Дублер күніне» орай дублер сынып жетекшілер мен  дублер пән мұғалімдердің  тізімін оқып, сабақ кестесі мен  қоңырау кестесімен таныстырды..

б) «Мектеп Парламенті»  ұйымының мүшелері «Дублер күніне» орай дублер-педагогтар болып сайланды. 

ІІ  кезең:

2. «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!»»  атты  концерттік бағдарлама мектептің акт залында 30 қыркүйек күні  өтті.

Қорытынды: Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне арналған мерекелік шараның мақсаты ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету. Мектеп Парламенті ұйымы және  «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен мектептің акт залында ««Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!»» - атты   концерттік бағдарлама өтті. Концерттік бағдарламаға мектеп ұстаздары қатысты. Мерекелік кеште мектеп директоры Чорманова Алия Сбанқұлқызы еңбегімен еленген ұстаздарға Түрксіб ауданының «Алғыс хаттарын» табыстады. 

Ұстаздарға деген жылы лебіздерін өлең шумақтарымен арнады. Мектеп оқушыларынан құрылған «Шолпы» би ансамбілі «Нұршашу» биі мен үнді биі «Болливуд» билеп, өз өнерлерін паш етті. Мектептің 2 «Б»   сынып оқушылары тақпақтарын айтып өтті. 3  «Б» сынып оқушысы Алмасқызы Інжу  «Ұстазым» әнін орындады. 7 «Б» сынып оқушысы Бекберген Арнайдың «Қазақ осы» әнін орындады. 6 «Ә» сынып оқушысы Әбілғазы Әбубәкір  Әсет Найманбаевтың «Қысмет»  әнін орындады. Мерекелік кеш соңында ұстаздар фотосуретке түсті.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: