Іс -шара » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2021

Іс -шара

"Д.Бабаев атындағы 115 ЖББМ"  КММ  "Тарих өткенге-сабақ, келешекке- өнеге" атты тарих  онкүндігі әлі жалғасуда, 14 желтоқсан күні  «Білімді мыңды жығады» 7«а», «ә», «б» сыныптар арасында интеллектуалдық ойын өтті. Мақсаты:оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Пәнге деген ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
   Сайыс VI кезеңнен тұрды,І кезең «Таныстыру», ІІ кезең «Суреттер сөйлейді», ІІІ кезең «Тест тапсырмасы»,  ІҮ кезең «Термин сөздер», V кезең  «Ой толғау», VI кезең  «Өнер шашу». Осы кезеңдер бойынша  3 топта өздерінің білімділігін, өнерлі екендерін көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша суырылып:
 бас жүлде алған  7 «ә» сыныбы «Жас Қыран» тобы,
ІІ орын 7 «а» сыныбы «Жас Ұлан» тобы,
ІІІ орын 7 «б» сыныбы «Болашақ » тобы иеленді.
  Қатысқан барша оқушыларды, құттықтаймыз!
   Іс шараға жауапты тарих пәнінің зерттеуші ұстазы Терлекбаева Перизат Адилакыновна мен модератор ұстаз Мұзапар Гүлден Еділбекқызы.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

13 декабрь 2021 Іс -шара
10 декабрь 2021 Іс -шара
09 декабрь 2021 Іс -шара
25 сентябрь 2021 Диплом