06
февраль
2026
Профилактикалық түсіндіру жұмыстары
Түрксіб ауданы Полиция басқармасының жеке құраммен жұмыс бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Б.Н. Нақысбеков, ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Қ.Н. Өмішева, полиция аға лейтенанты Д. Нұржан, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Ә. Сламжанқызы №115 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Кездесу барысында жеке құраммен жұмыс бөлімшесінің бастығы ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі, Қазақстан Республикасы ІІМ академияларына оқуға түсу талаптары және полиция органдарына жұмысқа орналасу шарттары туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллингке жол бермеу, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері тақырыптарында профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Бұдан бөлек, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдары және заңнамада көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді.
https://www.instagram.com/p/DUaF9RGDM3P/