20
октябрь
2025
өнер апталығы
Осы аптаның басында мектебімізде өнер мен шығармашылықты ұлықтайтын Өнер апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл апталық – оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды шара. Ашылу барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, өнердің рухани тәрбие берудегі орнына тоқталды. Сонымен қатар, оқушылар ән айтып, би билеп, қолөнер бұйымдарын көрсетті. Апталық аясында түрлі көрмелер, байқаулар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Өнер апталығы – дарынды жастардың жарқырап көрінетін тамаша мүмкіндігі!
https://www.instagram.com/p/DP6oj1sDGEV/
https://www.instagram.com/p/DP6oj1sDGEV/