Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #МұғалімКүні2025
06
октябрь
2025

#МұғалімКүні2025

✨06 қазан күні мектебімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті. 💐Бұл кеш барысында оқушылар мен ата-аналар қауымы ұстаздарға деген алғыстарын шығармашылық өнерлерімен жеткізді. 💫Концерттік бағдарлама аясында оқушылар ән шырқап, би билеп, жүрекжарды өлең жолдарын арнады. ✨Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіп, білім беру саласындағы еңбектері үшін марапаттар табыстады.💐💐💐

#ДеньУчителя2025#МұғалімімеМыңАлғыс#СпасибоВамУчитель*

https://www.instagram.com/p/DPhLaYeDC0G/ 

Биылғы Мұғалімдер күні ерекше көңіл-күймен басталды. Таңертең мектептің кіреберісінде 11-сынып оқушылары ұстаздарды ерекше ықыласпен қарсы алды. 🌸Олар қолдарына мадақтау қағазы мен шарлар ұстап, жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады.💐✨
Мектеп дәлізі мерекеге сай безендіріліп, әсем музыка ойнап тұрды. Әр мұғалімге жеке назар аударылып, оқушылар шын жүректен алғыс айтып, ерекше құрмет көрсетті. Мұндай жылы қарсы алу әрбір ұстаздың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш сезімін ұялатқаны анық.💫
Бұл – ұстаздар еңбегінің еленіп, шәкірт жүрегіндегі алғыстың жарқын көрінісі еді.⭐️

https://www.instagram.com/p/DPeLy-ujIif/​​​


Ұстаздар күні: Мұғалімдер жайлы өлеңдер мен әндер, құттықтау тақпақтар -  kaz.caravan.kz

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: