Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Таза бейсенбі”
16
апрель
2026

“Таза бейсенбі”

“Таза бейсенбі” жобасы аясында бүгін 9-сынып оқушылары бейсенбілікке шықты. Оқушылар мектеп ауласын тазарту жұмыстарын жүргізіп, айналаны қоқыстан тазартып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында олар ауладағы жапырақтар мен қоқыстарды жинап, гүлзарлар мен жол жиектерін ретке келтірді. Бұл жұмыс оқушылардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Осындай игі бастамалар жас ұрпақты тазалыққа, тәртіпке және бірлікке тәрбиелейді. 9-сынып оқушылары алдағы уақытта да мектеп ауласын таза ұстауға және табиғатты қорғауға белсенді қатысуға дайын екендіктерін көрсетті.

#тазақала
#тазақазақстан 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

09 октябрь 2025 «Таза бейсенбі»
31 октябрь 2024 “Таза бейсенбі”