18
ноябрь
2025
“Болашақ химиктер”
Мектебімізде жаратылыстану апталығы аясында химия пәнінен 9-шы сынып оқушылары арасында “Болашақ химиктер” олимпиадасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлауын дамыту, білім деңгейін саралау.
Олимпиадаға 9 -шы сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салды. Тапсырмалар күрделілік деңгейі бойынша сараланып, оқушылардың пәнді терең меңгеруін талап етті. Шара барысында пән мұғалімдері әділ қазылық жасап, қатысушылардың жұмыстарын әділ бағалады. Нәтижесінде үздік көрсеткішке ие болған 9 “Ә” сынып оқушысы Мұстафа Алихан химия пәні бойынша мектеп намысын аудандық кезеңде қорғайтын болады.