"Нағыз көшбасшы" конкурсы » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Нағыз көшбасшы" конкурсы
17
ноябрь
2023

"Нағыз көшбасшы" конкурсы

Мектебімізде 2023 жылдың 15 қарашадан бастап "Нағыз көшбасшы" конкурсы басталды. Мақсаты: мектеп педагогтерінің белсенділігін, дербестігін,
креативтілігін және шығармашылық ізденіске ынталандыру.
Мектеп басшысы Талғат Талдыбайұлының бастамасымен еңбек өтілі он жылдан төмен 30 мұғалімді 5-топқа жеребе арқылы біріктіріп, мұғалімдерге ұжымның таңдауы бойынша жетекші тағайындалды. "Ынтымақ"тобы. Жетекшісі Акылбаева Н.А-математика пәнінің мұғалімі. "Жалын" тобы. Жетекшісі Ботыбаева А.К -қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі. "Smart Ustaz" тобы. Жетекшісі Айтакынова Г.А - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. "Ғасыр" тобы. Жетекшісі Макулбекова А.К- бастауыш сынып мұғалімі. "Болашақ" тобы. Жетекшісі Опабекова Ф.К-бастауыш сынып мұғалімі. Сонымен бірге, мұғалімдердің өз қалауларымен қазылар алқасы құрылды. Олар: 1. Шындаулетова Н.С-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2. Минахунова К.И-тарих пәнінің мұғалімі. 3. Сыдықова С.Ғ-бастауыш сынып мұғалімі. Қазылар алқасы сабақтарға қатысып, бақылап 1-2-3 балдық жүйеде әділ бағалайтын болады. Конкурс 3 бөлімде жүзеге асырылады. 1. Ашық сабақтар береді. 2. Тәрбиелік шаралар өткізеді. 3. Мұғалімдердің шығармашылық шеберлігі анықталатын болады. Нәтижесінде жоғары балл жинаған топ "Нағыз көшбасшы"иегері және кәсіподақтың бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 август 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
22 апрель 2022 Мадақтама
22 сентябрь 2021 Іс -шара