05
ноябрь
2025
Мектеп парламенті
✨Бүгін біздің мектебімізде ерекше маңызды шара – мектеп парламенті мүшелерін ұлықтау салтанаты өтті. ✅Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, белсенді жас көшбасшыларды қолдау және олардың жауапкершілігін арттыру болды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. 🇰🇿Олар оқушылардың мектеп өміріне белсенді қатысып, түрлі жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы білім ордамыздың дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.
Ұлықтау рәсімінде әрбір жаңа парламент мүшесіне арнайы куәлік табысталды. Жаңадан сайланған президент өз командасы атынан сөз сөйлеп, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға уәде берді.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жылы лебіздермен бөлісті. Бұл күн оқушылардың жүрегінде мектептегі демократиялық рух пен ынтымақтастықтың айқын көрінісі ретінде сақталып қалды.✨