20
октябрь
2025
Мектеп президентін сайлау
Бүгін біздің мектебімізде ерекше маңызды оқиға – мектеп президентін сайлау өтті. Бұл күн барлық оқушылар үшін жауапты әрі қызықты сәтке айналды. Себебі бұл – тек жаңа көшбасшыны таңдау ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз мектеп өміріне белсенді араласуының айқын көрінісі болды.
Сайлау барысы әділ, ашық түрде ұйымдастырылды. Арнайы дайындалған сайлау учаскесінде оқушылар өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Сайлау нәтижелері дауыс санына қарай анықталды. Ең көп дауыс жинаған үміткер мектеп президенті болып сайланды.
Жаңа президентке үлкен сенім артылып отыр. Ол – оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасындағы байланыс көпірі бола отырып, мектеп өміріне жаңа серпін әкелуі тиіс. Мектеп президенті – тек атақ қана емес, бұл – жауапкершілік, үлгі болу, басқаларға демеу болу міндеті.
✨Мақсаты:
Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, демократиялық сайлау процесін түсіндіру және оқушыларды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.
✨Міндеттері:
1.Оқушыларды сайлау мәдениетімен таныстыру;
2.Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының маңызын түсіндіру;
3.Көшбасшылық қабілеті бар оқушыларды анықтап, оларды қолдау;
4.Оқушыларды белсенділікке, жауапкершілікке және ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
5.Сайлау әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету арқылы демократиялық принциптерді насихаттау.
Алибек Назерке - 29
Бейсен Алуа - 42
Ержанқызы Іңкәр - 114
Шахабаев Арсен - 53 дауыс жинап, нәтижесінде 114 дауыспен Ержанқызы Іңкәр мектеп президенті болып сайланды.✅
https://www.instagram.com/p/DQCBAgGjAp7/