"Сенімді OR- код" » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сенімді OR- код"
13
сентябрь
2023

"Сенімді OR- код"

Құрметті оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер! Мектебіміздегі "Сенімді OR- код" жобасы 2023-2024 оқу жылында да өз жұмысын жалғастыратынын хабарлаймыз. Жоба мақсаты: сіздердің көмектеріңіз арқылы құпиялықты сақтай отырып, қауіпсіз орта қалыптастыру, туындаған сұрақтар мен мәселелердің шешімін табу. Құрметті білім алушы! Егер сіз мектепте немесе мектептен тыс жерлерде сізге және сіздің достарыңызға қандай да бір зорлық-зомбылықтың түрі (сыныптастары, достары, ата-аналары, мұғалімдері, бөгде адамдар тарапынан) жасалатындығынан хабардар болсаңыз, егер оны ашық түрде айтып, көмек сұраудан қорқатын, я болмаса ыңғайсызданатын болсаңыз осы QR -код арқылы хабар беруіңізге болады. Сізден түскен хабарламалар жасырын (анонимды) болатындығын есіңізге саламыз. Құрметті ата-ана! "Сенімді OR- код" сіздер үшін де жұмыс жасайды. Балалардың ересектердің, қатарластарының, мұғалімдердің, бөгде тұлғалардың тарапынан қандай да бір қысым көріп жүргенін білсеңіз, ақпаратты ашық айтуды жөн санамасаңыз осы OR- код арқылы хабарлауыңыз сұралады. Бұл біз үшін, балалардың қауіпсіздіктері үшін маңызды! Құрметті ұстаздар! Мектепте немесе мектептен тыс жерлерде оқушылардың қандай да бір зорлық-зомбылықтың құрбаны болып немесе басқа тұлғаға қысым көрсетіп жүргенінен хабардар болсаңыз, оны ашық айтуды жөн санамасаңыз осы OR- код арқылы хабарлауыңыз сұралады. Үнсіз қалмайық, буллингке жол бермейік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: