18
ноябрь
2015
Ата - аналар жиналысы
Д.Бабаев атындағы №115 ЖББ мектебі КММ-де ата-аналар
жиналысы өтті. Күн тәртібінде: Мектепте 2015 жылғы бюджеттік қаражатты
қаржыландыру және игеру есебі. Жиналысқа 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары
қатысты. Барлығы – 150 ата-ана. Әр ата-ана баласы оқып жатқан білім ошағына
мемлекет тарапынан қаншалықты қаржы бөлінетінін біліп отырғаны дұрыс. Жүздеген
мың салық төлеушілердің есебінен құралатын бұл қаржының тиімді бағытта
жұмсалуы- бәріміз үшін маңызды мәселе. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаражаттың
есебі ата-анаға ашық, анық жеткізілді. Есепті жиналыста ата-аналар өздерін
толғаған мәселелерден сұрақ қойып, берілген есепке алғыс айтты. Мектептегі
ұстаздар қауымы білім мен тәрбие ісінің маңыздылығына, ертеңгі атқарылатын
істің бағыт-бағдарына үлкен мән береді. Бұл-барша ұстаздардың міндеті. Осындай
ұжымның арқасында мектебіміздің абыройы жыл өткен сайын артып келеді. Елбасының
білім беру саласына ерекше көңіл бөліп отырғандығын ата-аналар терең түсінді