Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталды » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталды
18
апрель
2023

Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталды

«Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталды. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.Электронды үкімет «ЕГОВ.КЗ» арқылы 1 сыныпқа қабылдау мынадай іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады:НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!1. Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);2. Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 Мбайттан аспауы тиіс.Қызметті онлайн алу1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.Порталға жүгінген кезде (құжаттар тізбесі):1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»:Күндізгі оқу нысанына қабылдау үшін:• № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;• Көлемі 3х4 см баланың сандық фотосуреті;Ескеру керек:Баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық бала қабылданады. Ал, жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіндігі бар.Мектепке құжаттар «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды нысанда жіберіледі.Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: