"Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді" тақырыбында пікірталас өтілді » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді" тақырыбында пікірталас өтілді
16
май
2023

"Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді" тақырыбында пікірталас өтілді

Дүйсен Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушыларымен "Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді" тақырыбында пікірталас  өтілді.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, әділеттілік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Оқушыларға адалдықты өмірде қолдана білудің маңыздылығын түсіндіру.

2. Оқушылардың бойында әділдік,шыншылдық қасиеттерін дамыту.

3. Оқушыларды әділ, шыншыл, адамгершілік пен өмір сүруге тәрбиелеу.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Осыған байланысты 9-10  сынып оқушыларымен "Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді" тақырыбында пікірталас  өтілді. Оқушылар адалдық, адамдық және сыбайлас жемқорлық туралы өз ой пікірлерімен бөлісті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: