"Адал ұрпақ- табысты болашақ" тақырыбында жиналыс өтті » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Адал ұрпақ- табысты болашақ" тақырыбында жиналыс өтті
15
февраль
2023

"Адал ұрпақ- табысты болашақ" тақырыбында жиналыс өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен 8 ақпан күні «Адал ұрпақ- табысты болашақ» тақырыбында  жиналыс өтті.

Бұл жиналыстың негізгі мақсаты: оқушы бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы да жас ұрпақты тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қойып, сол мақсатқа жетуде тәрбиенің бір бағыты «Адал ұрпақ» бағыты бойынша  жұмыс жасалып жатыр. 

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 3 бағытта жұмыс жүргізеді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, мәдени-көпшілік іс-шаралар. Жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтың бірі әрі бірегейі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың үлкен орын алатындығы айтпаса да түсінікті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын осы тұрғыда оқушылар бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл қозғалыс мектептердегі жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де кеңінен насихаттайды.

«Адал ұрпақ - табысты болашақ» тақырыбында  өткен жиналыс барысында клуб мүшелері Жанкелді Перизаттың презентациясын тыңдады. 

Сонымен қатар  аға тәлімгер Мұрапбаева Әсия Мәткерімқызы «Бала тәрбиесінің бастауы-адалдық» туралы айтып өтті.  Ұстаз, ата-ана мен бала үшеуі бірігіп жұмыс істеулері керектігін тілге тиек етті.

Клуб мүшелері бір-бірімен сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы, оны болдырмау және алдын-алу бойынша өз пікірлерімен  бөлісті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: