«Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» дөңгелек үстел өтті. » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» дөңгелек үстел өтті.
09
ноябрь
2022

«Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» дөңгелек үстел өтті.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

«Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» дөңгелек үстел өтті.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 3 бағытта жұмыс жүргізеді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, мәдени-көпшілік іс-шаралар. Жемқорлыққа қарсы тұру – Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтың бірі әрі бірегейі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың үлкен орын алатындығы айтпаса да түсінікті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын осы тұрғыда оқушылар бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. Бұл қозғалыс мектептердегі жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де кеңінен насихаттайды.

Осыған орай «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен 9 қараша күні кезекті айына бір рет өткізілетін отырыс өтті. Оқушылармен «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Оқушылар еліміздің Конституциясы, Бала құқығы туралы заңдарға соңғы жылдары енгізілген өзгерістерге тоқталып, ой-пікірлерімен бөлісті. Оқушылар заңды және демократиялық мемлекеттің ерекшеліктеріне басымдық берді. Оқушыларға аға тәлімгер Ә.М. Мұрапбаева презентация көрсетіп, оқушылармен пікір алмасты. Оқушылар кезекті отырысты асыға күтетіндерін айтты. 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: