30
октябрь
2025
Әдістемелік кеңес
Бүгін 2025 жылдың 30 қазаны күні мектепте әдістемелік кеңес болып өтті.Тақырыбы: Шетел тілін оқытуда жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану жолдары. Әдістемелік кеңесте шетел тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын пайдаланудың маңызы мен тиімділігі қарастырылды. Кеңес барысында мұғалімдер мен әдіскерлер жасанды интеллекттің заманауи білім беру жүйесіндегі рөліне тоқталып, оны сабақта қолданудың нақты тәжірибелерімен бөлісті.
Оқытуда қолдануға ұсынылатын құралдар: ChatGPT, Canva, Copilot, Mentimeter, Shyraq AI, Curipot, Mektep AI, Duolingo, Quizlet, Kahoot, және т.б. платформалар.
Жасанды интеллект туралы ақпар беріп, әдістерімен бөліскен үстаздар: Сураганова Балжан, Мұратқызы Дана, Шынжырбай Алуа, Терлекбаева Перизат, Ахимбекова Аружан.

