28
март
2025
Педагогикалық кеңес
Мектебімізде 28.03.2025 ж. күні “Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету” атты педагогикалық кеңес болып өтті. Мектебіміздің дефектолог, логопед, психолог, тьютор мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдерді топқа бөліп, әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы ерекше білімді қажет ететін балаларға берілетін тапсырмалармен жұмыс жасады.Әріптестер өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс берді. Сонымен бірге, 2-3 тоқсанның салыстырмалы мониторингісі ұсынылды. Әр пәннің сапасы туралы жеке-жеке тоқталып, 3- тоқсанда 70 пайызға көтерілгеніміз туралы айтылды. Кәсіподақ төрайымы Ж.К. Атымтаева педагогикалық әдеп туралы баяндама оқыды. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қамтылып, кері байланыс айтылды.
https://www.instagram.com/p/DHyczpQIQ1S/
https://www.instagram.com/p/DHyczpQIQ1S/