27
февраль
2025
“ Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы мұғалімнің рөлі”
Мектебімізде 27.03.2025 ж. күні “ Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы мұғалімнің рөлі” атты әдістемелік кеңес болып өтті. Мақсаты: Оқушының танымдық қызығушылығын арттырудағы мұғалімдердің рөлін анықтау және оны дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары. Бастауыш сынып мұғалімдері жаратылыстану, математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша ұжыммен топтық жұмыстар ұйымдастырды.Топтық тапсырмалар беру арқылы көшбасшы дарынды мұғалім анықталды. Ертегі желісінде сұрақтар беріліп, әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы қызықты танымдық ойындар жүргізілді. Әдістемелік кеңес қызықты, өте тартымды өтіп, әріптестер өз ризашылықтарын білдіртіп жатты.