23
апрель
2025
«Абайды оқы, таңырқа!» атты зияткерлік сайысы
Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы мен Ағабек Құрбанкүл Ордабекқызының ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа!» атты зияткерлік сайысы 9-сыныптар арасында болып өтті.
Мақсаты: Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту.
Зияткерлік сайыс 4 кезеңде өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша білім алушылар жүлделі орындарға ие болды.
Телғара тобы мен Әбдірахман тобы тең түсіп 1-орындарға ие болды.
Абай тобы 2-орын, Ибрахим тобы 3-орындарды еншіледі.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! - демекші, білім алушыларымыз Абайдың жұмбақ әлеміне терең бойлап, өлеңдерінен, әндерінен, қарасөздерінен ғибрат алып, көңілге көп нәрсені түйіп, өмірлік сабақ алды. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,-деп Абай бүгінде жалынды жырларымен бізбен бірге 180 жыл өмір сүріп келеді,мәңгі өмір сүре бермек!
https://www.instagram.com/p/DIyturDIci5/
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#medetbekovameruert