Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай –қазақтың шамшырағы » дөңгелек үстелі
24
апрель
2025

«Абай –қазақтың шамшырағы » дөңгелек үстелі

Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте
Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы мен Ағабек Құрбанкүл Ордабекқызының ұйымдастыруымен «Абай –қазақтың шамшырағы » атты дөңгелек үстел 8-сыныптар арасында болып өтті.

«Абай –әлемнің шамшырағы » атты дөңгелек үстел 8-сыныптар арасында өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында Абайды танудағы маңыздылығы,ұлы қазақтың ақыны шығармаларының заманауи тұрғыда сабақтастығы мен үйлесімділігі , өлеңдері мен қарасөздеріндегі рухани жаңғырудағы құндылығы,өмірмен байланысы туралы мәселелер қозғалды. Осы тақырып төңірегінде білім алушылар ойларын,пікірлерін ортаға салды.
Директордың тәрбие-ісінің орынбасары Айгүл Байзаққызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі Аяулым Қайырбекқызы Абайдың 180 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы рухани жаңғыртатын, еліміздің дамуына серпін беретін іс-шара болғанын тілге тиек етті.
Абайды оқып, таныған сайын оның жаңа сырларына қанық болды. Қазақтың шамшырағына айналған ақын Абайды жақсы танып білді.
Абайдың шешілмеген сырлары көп. Абай біз үшін мәңгілік жұмбақ құбылыс.
Ал ол туралы ашылмаған сырларды тану – мұрат, Абай шыққан биікке талпыну – парыз!
Ендеше,Ұлы Абайдың өнегелі сөзі, өшпес мұрасы – біздің ұлттық болмысымыздың темірқазығы болып қала береді.
Баршаңызға бүгінгі талқылауға белсенді қатысқандарыңыз үшін шынайы алғыс білдіремін!
https://www.instagram.com/p/DI2yXUPowPp/​​​

#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_алматы
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#medetbekovameruert 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: