«Біртуар нар тұлғасы қазақтың- Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біртуар нар тұлғасы қазақтың- Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш
22
сентябрь
2022

«Біртуар нар тұлғасы қазақтың- Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш

Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  «Шебер -педагогі» Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызының   жетекшілігімен

10 «А» сынып   оқушыларының ұйымдастыруымен «Біртуар нар тұлғасы қазақтың- Мұхтар Әуезов» атты әдеби кештің қорытындысы.

       Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  «Шебер -педагогі» Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызының    жетекшілігімен 10 «А» сынып   оқушыларының ұйымдастыруымен 

 «Біртуар нар тұлғасы қазақтың-Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш болып өтті.

Мақсаты:

Кешегіні болашақпен  байланыстырып, қаламгер мен бүгінгі ұрпақ арасындағы әдеби-рухани байланысты нығайту және М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығын, ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау.

      Ұлтымыздың  ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы – барша халыққа ортақ. М.Әуезов төл әдебиетіміздің құдіретімен қазақ есімін әлемге  танытты. Жазушы бір ғана «Абай жолы» роман-эпопеясымен әлемдік әдебиетте ойып тұрып орын алды. Сан салада қалам тербеген сөз зергерінің Алашқа сіңірген еңбегін сөбен айтып жеткізу мүмкін емес.

           Жазушыға  талай ақындар жүрек жарды сөздерін сүйікті жырларын арнаған. Қатысушы білім алушылар жазушыға арналған ақындардың  өлеңдерінен және өз шығармашылықтары  мен арнау өлеңдерін оқыды.

Көрермендерге М.Әуезовтің шығармашылығын насихаттайтын  бейнебаян көрсетілді. Іс-шара барысында «М.Әуезов –Ұлылық үлгісі», М.Әуезов –Ұлт мақтанышы»,  «М.Әуезов –әлем әдебиеті мойындаған  тұлға» атты бір үзік сыр оқылып, М.Әуезовтің шығармашылығы жайлы  пікірлер тыңдалды.

          М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясынан « Тоғжан мен Абайдың  кездесуі», «Абай мен Әйкерімнің кездесуі» сахналық қойылым аса шеберлікпен сомдалып, білім алушылар халықтың  ризашылығына бөленді.

Білім алушылар күмбірлетіп күй тартып,әсем әуезді әндер шырқап, жауқар жырдан шашу шашқан талантты білім алушыларымыз кештің сәнін келтірді. 

        Кеш жоғары деңгейде өткізіліп, Кеш соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Шебер-педагогі» Мейрамгүл Барказатқызы білім алушыларға алғысын білдіріп,биік белестерді бағындыруда білім мен аянбай еңбек ету керектігін айтып,шығармашылық табыс тіледі. Кешке қатысқан көрермендер мен білім алушылар Ұлы жазушының рухани бай мұрасынан өмірлік сабақ алып, кештен әсерленіп қайтты.

      М.Әуезовтің баға жетпес  асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

22 апрель 2022 Мадақтама
13 октябрь 2021 Вебинар
13 октябрь 2021 Әдістемелік