02
май
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндік шарасының аяқталуы
“Тілім барда - мен бармын! атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндік аясында Ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Абай Құнанбаевтың теңдесі жоқ алтын қазынасы болған шығармаларын терең ұғыну, насихаттау.
Сонымен қатар Абайдың аманатын арқалап, Ұлы тұлғаның бейнесін сомдап жүрген Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері Болат Әбділманов Мәзімбайұлымен кездесу кеші өткізілді.
Іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Болат Әбділманов өзіңнің өнегелі өмір жолдарын білім алушыларға өз шығармашылығымен де ой саларлық сөздерімен жеткізіп, бөлісті.
Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақын Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсті.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі берген Абай жалынды жырларымен де, жарқын бейнесімен де ұмытылмай, бізбен бірге жасасып келеді.
Ұйымдастырушылар:
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің бірлестігі.
Видеожазбаны инстаграмм желісінен көре аласыздар http://instagram.com/p/DJJq45WoWNk/