Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 35
Біз терроризмге қарсымыз
29
сентябрь
2023
Біз терроризмге қарсымыз
ІІМ-нің Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жаза қарастырылатындығы туралы мектеп оқушыларына бейнежазба көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді 
Оралхан Бөкей - көркем сөздің құлагері
28
сентябрь
2023
Оралхан Бөкей - көркем сөздің құлагері
Оралхан Бөкей (1943-1993) – қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург. Бүгінде 80 жыл толуына орай біздің кітапханамызда көрме ұйымдастырылып оқушылар еңбектерімен танысты . Кітапханашы: Тоқсанбаева Дәмет Шәлібекқызы.  
Заманының заңғар тұлғасы
27
сентябрь
2023
Заманының заңғар тұлғасы
"Заманының заңғар тұлғасы" Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай №30 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен 6 "В" сынып оқушыларына тарихи-таным сағаты өтті. Оқушылар батырдың өмірбаянын, еңбектерін, ерліктерін естіп, өте үлкен әсерде болды. Қатысқандар : 6 "В" сынып оқушылары Жауапты: Атай Айгерім Берікболқызы. 
Көрнекті тұлғалардың мұрасы
22
сентябрь
2023
Көрнекті тұлғалардың мұрасы
Мектебімізде 7-сынып оқушылар арасында «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы бойынша 2-кезеңі өткізілді. "Жасырынбақ", "Бәйге", "Тоғызқұмалақ", «Ақ байлақ», "Сиқырлы таяқ" ойындары арқылы тапсырмалар орындады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар көрнекті тұлғалардың мұраларын еске сақтап, қызығушылықтары артты. Қорытындысы шығарылып, қатысқан сыныптар жүлделі орындарға ие болды. Жауапты:Аяулым Қайырбекқызы.
«Міржақып. Оян, қазақ!»
21
сентябрь
2023
«Міржақып. Оян, қазақ!»
21 қыркүйектен бастап «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа шығады «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем фильм 21 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан ұсынылады. Тарихи туынды Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды. Телехикаяда бас кейіпкер Міржақып Дулатовтың рөлін Бақыт Қажыбаев, жары Ғайнижамалдың рөлін Зарина Кармен,
«Тіл -тас жарады,тас жармаса бас жарады»
21
сентябрь
2023
«Тіл -тас жарады,тас жармаса бас жарады»
«Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 5-сыныптар арасында Атымтаева Жұлдызай Каримолдақызының ұйымдастыруымен «Тіл -тас жарады,тас жармаса бас жарады» такырыбында "мұғалім- оқушы- ата-ана" арасында спорт ойыны өтті Мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктен көтеруге, ақындардың тіл туралы өлеңдерін насихаттау , тұлғалық қабілеттерін арттыру . Байқауға ата- ана, оқушы, мұғалімдер белсене қатысты. Ұстаздар тобы 1- орын, оқушылар тобы 2-орын, ата-аналар тобы 3-орындарға
Әдеби дебат
21
сентябрь
2023
Әдеби дебат
Адам мен табиғат арасындағы байланыс ( М.Әуезовтың “Көксерек” шығармасының желісі бойынша әдеби дебат) Қатысқандар : 8-9 сынып оқушылары Жетекші: Атай Айгерім Берікболқызы Мақсаты : 1.Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестің үзіндісімен таныстыру. Адамдар мен көкбөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе-теңдікті сақтау керектігін түсіндіру 2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту 3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты квест
20
сентябрь
2023
«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты квест
7-сынып оқушылар арасында «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы басталды. Байқау 2 кезеңнен тұрады. 1-кезең бойынша әр сынып қатысушылары 5-6- сынып әдебиетінен көрсетілген тұлғалардың мұрасынан 1 минуттық шығарманы (бейнежазба түрінде) көркем түрде жеткізуі шарт. Бейнежазба әлеуметтік желіге салынып, «жүрекше» басу арқылы бағаланады. 2-кезең тапсырмалар бойынша мектебіміздің мәжіліс залында өтеді 1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1.1 Көрнекті тұлғалардың шығармашылық
"Ертегілер елінде"
19
сентябрь
2023
"Ертегілер елінде"
5-6-сыныптар арасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері апталығы бойынша "Ертегілер елінде" атты сурет салу өнері мен буктрейлер жасау шығармашылық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Ертегіні оқып, кейіпкерлерді еске түсіріп, қайта жаңғырта сурет салуға және буктрейлер жасауға баулу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жауаптылар: Аяулым Қайырбекқызы Айнұр Тұрмұхаметқызы. Байқау соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, мадақтамалармен марапаттады.
«Тіл ғұмыры- ұлт ғұмыры»
14
сентябрь
2023
«Тіл ғұмыры- ұлт ғұмыры»
5 сыныптар арасында Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызының жетекшілігімен «Тіл ғұмыры- ұлт ғұмыры»атты мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Мақсаты: : Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктен көтеруге, ақындардың тіл туралы өлеңдерін насихаттау, өскелең ұрпақтың поэзияға құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіну. Поэзия шапағаты» айдары аясында, байқауға 20 оқушы қатысты. Туған жер, ана тілі, Отан тақырыбында өлеңдер оқылып, поэзияның шырайы ашылды.Мәнерлеп