«Міржақып. Оян, қазақ!» » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Міржақып. Оян, қазақ!»
21
сентябрь
2023

«Міржақып. Оян, қазақ!»

21 қыркүйектен бастап «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем фильм 21 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан ұсынылады.

Тарихи туынды Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды. Телехикаяда бас кейіпкер Міржақып Дулатовтың рөлін Бақыт Қажыбаев, жары Ғайнижамалдың рөлін Зарина Кармен, ақынның қызы Гүлнар Дулатованың рөлін Гүлжан Әспетова ойнады. Сериал режиссері – Мұрат Есжан.

Телехикая өткен жылы «Qazaqstan» арнасының эфирінен және YouTube желісі арқылы орыс, ағылшын тіліндегі субтитрлермен ұсынылып, үлкен аудиторияның қызығушылығына ие болды. 2023 жылғы тұңғыш «Nauryz» ұлттық телесериалдар байқауында «Үздік сериал» атанды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: