Пиротехника » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Пиротехника
19
декабрь
2023

Пиротехника

Пиротехникалық өнімдер жайында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз қолдану бойынша кезде басты назарда ұстаңыз:Қаптамада міндетті түрде от шашу саны, көлемі және әсері туралы мағлұмат көрсетілуі қажет. Ақауы бар, мыжылған, суланған, сұр не қара түсті бояуы шашылған өнімдер қауіпті болуы (аяқ асты жанып кетуі) мүмкін. Пиротехникалық құралдарды қаптамасыз сақтауға және қалтада сақтауға болмайды.
Пиротехникалық өнімдерді қатты жел кезінде ғимараттар мен үйден 30 м қашықтықта қолдану керек. Пиротехниканы тек нұсқаулыққа сай үлкендердің қатысуымен далада және ашық алаңда ғана қолдану қажет. Егер де пиротехникалық өнім жанбай қалған жағдайда, оған 10 минут көлемінде жақындауға және қолға алуға болмайды. Ол кенеттен жанып кетуі мүмкін, бұл өз алдына қауіпті болып табылады. Жерге түскен ракета тәріздес пиротехника қалдықтарын жинамаңыз, олар қолыңызда жарылуы мүмкін.
Абай болыңыздар.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: