Рамазан Стамғазиевпен кездесуге барды » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Рамазан Стамғазиевпен кездесуге барды
02
февраль
2023

Рамазан Стамғазиевпен кездесуге барды

№6 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен 2 ақпан күні Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиевпен кездесуге мектебіміздің 7 «Ә» сыныбының 22 оқушысы барып, қайтты. Қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші өз өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Кеш барысында Түрксіб ауданының дарынды оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар дәстүрлі өнер иесіне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Рамазан Стамғазиев қазіргі таңда орындаушылық пен ұстаздықты қатар алып жүргенін айта кетті. Кеш соңында оқушылар Рамазан ағадан қонақ кәде сұраған еді. Өнер иесі  «Дүние» мен «Қапездің қоштасуын» қара домбырамен орындады. Естелікке фотосуретке түсіп, қайтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: