Диплом » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2022

Диплом

22- сәуір күні Түрксіб ауданы №6 Оқушылар үйінің  ұйымдастыруымен

« Балалар жылына» орай  өткен «Түрксіб аруы - 2022» байқауы ұйымдастырылған болатын.

Байқаудың  мақсаты  мен міндеттері:

Қыздар арасында ұлы қазақ халқының ғасырлар бойы келе жатқан мәдениеті мен 

өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу.«Қызға қырық үйден тыйым»,- демекші қыз баланың қандай инабатты,парасатты болу керектігін осы байқау арқылы көрсету, бағытбағдар беру. Ата-баба дәстүрін насихаттау, патриоттық рухта тәрбиелеу.

Ұлтымыздың уызын, нәрін, сәнін бойжеткендеріміздің бойына сіңіру, эстетикалық тәрбие беру арқылы қыздардың әсемдікке, көркемдікке  деген  сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сайыстың кезеңдері:«Мен қазақтың қызымын» (өзін-өзі таныстыру) 2 минут.(ұлттық киімде болу міндетті болу міндетті.)

  1. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету: ән, би т.б) 3 минут.
  2. «Білімді мыңды жығар» интеллектуалды сайыс.(Қазақстан тарихы, салт-дәстүр, мақал-мәтел) 1,5 минут.
  3. Кеш киімі көрсетілімі(1минут). Әдемі гүл шоғы. (Букет)
  4. Қызықты  қолөнер. (қолдан жасаған кез келген бұйымды әкеліп, оны қорғау)3 минут.

    Мектебімізде ұйымдастырылған «Қазақ аруы- 2022» байқауынан бас жүлдеге ие болған- Нұрдаулетқызы Ақерке  аудандық байқауға жолдама алған болатын.Аруымыз сайыстың кезеңдерінен жоғарғы балл жинап,топ қыздардың ішінен өзінің білімімен, сұлулығымен,өнерімен тәнті етіп, I орынға ие болды. Марапатың  құтты болсын Ақерке! Жеңісті күндерін көп болсын!










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

13 апрель 2022 Сайыс сабақ
11 февраль 2022 Мәнерлеп оқу
15 декабрь 2021 Іс -шара
05 октябрь 2021 Іс -шара