Біз туралы » Страница 20 » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 20
Мадақтама
22
апрель
2022
Мадақтама
 Алматы қаласы Түрксіб ауданы "Д.Бабаев атындағы 115 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 9-сынып білім алушысы Шаметова Анель "Қош келдің, Наурыз, көктемім! атты қалалық үш тілді эссе байқауынан 3-орын. Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нуртазина Гузаль Идрисовна. 11-сынып білім алушысы Жүсен Шұғыла 1-орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы. Білім алушылар мен жетекшілерге алғысымыз шексіз!
Іс -шара
21
апрель
2022
Іс -шара
Алматы қаласы Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі, Ресей Консулы, Қазақстандағы  Ресей серіктестігінің қолдауымен С.Бегалин кітапханасында ұйымдастырылған "Классика әлемі 2022" көркем сөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті. Байқауға Алматы қаласынан 50  мектеп қатысты. Барлығы 250 оқушы.Байқау қазак, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. С. Бегалин атындағы Орталықтандырылған балалар кітапханасында ұйымдастырылған жас көркемсөз шеберлерінің «Классика әлемі- 2022» атғты қалалық байқауына
Диплом
20
апрель
2022
Диплом
 Республикалық Ілияс  Жансүгіров  оқуларының  қалалық кезеңінде «Ағынды менің- Ақсуым,» бағыты бойынша  үздік нәтиже көрсетіп   III дәрежелі дипломмен №115 мектептің 8 «А» сынып оқушысы  Абусаттар Бекнұр марапатталды. Жетекшісі- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы.   Жүлделеріңіз құтты  болсын.  Алар асуларыңыз көп болсын!
Мадақтама
19
апрель
2022
Мадақтама
Оқушылар арасында "Қадыр оқуларының" аудандық кезеңінде "Сөзім барда -өзім бар" ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу номинациясы бойынша  1 орын Мұстафа Алихан марапатталды.
Диплом
15
апрель
2022
Диплом
Жас педагогтердің "Өз жұлдызыңды жақ" атты аудандық конкурсында "Д.Бабаев атындағы 115 жалпы білім беретін мектеп"КММ-нің физика пәнінің мұғалімі Толумханов Аслан " Бас жүлдемен" марапатталды.Жас келсе іске дегендей өзін жан-жақты көрсетіп, физиканың қыр-сырын білім алушыларға үйретуден талмай қанаттанып жүрген жас маманымызға тек биіктерден көрініп жүруіне тілектеспіз!
Педагогикалық кеңес
30
март
2022
Педагогикалық кеңес
Д Бабаев  атындағы 115 ЖББМектебінде "Оқушылардың  шығармашылық қабілетін арттыру жолдары" тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті. Мақсаты: Оқыту мен тәрбие беруде дарынды балалардың ізденушілігін дамытып білімдерін тереңдету. Педагогикалық кеңесті өткізуге жауапты жаратылыстану бірлестігі мұғалімдері болды.
Әдістемелік кеңес
29
март
2022
Әдістемелік кеңес
Бүгін Д. Бабаев атындағы  ЖББМектепте  "Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын, шеберлігін қалыптастыру негізінде бастауыш білім алушылардың білім сапасын көтеру"тақырыбында методикалық кеңес өтті. Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби құзырлығын, шеберлігін қалыптастыра отырып, білім алушылардың білім сапасын көтеру. Методикалық кеңесті бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері жүргізді.
Іс -шара
29
март
2022
Іс -шара
Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.  Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай сыныптар арасында 30 ән, отыз кітап жарысы сыныптар арасында өткізілуде.          2 және 4 сыныптар арасындағы 30 ән, 30 кітап байқауы. Жетекшісі Токсанбаева Д.Ш.
Мадақтама
22
март
2022
Мадақтама
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңнің ІІІ орын жеңімпазы Жұмаділ Жанасыл  марапатталды. Пән мұғалімі Иаева Дүйсенгүл Ибадуллаевна