"Оқуға құштар мектеп" жобасы және «30 кітап,30 ән» байқауы » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы және «30 кітап,30 ән» байқауы
01
декабрь
2022

"Оқуға құштар мектеп" жобасы және «30 кітап,30 ән» байқауы

Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің кітапхана меңгерушісі Тоқсанбаева Дәмет апайдың ұйымдастыруымен  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және «30 кітап,30 ән» байқауы өткізілді. Байқау ,4 «Ә»,4 «Б», 4 «В» сыныптар арасында ұйымдастырылды. Байқауға барлық оқушы өте жақсы дайындықпен келген. Оқушылар бұл жобаға үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Әрбір оқылған кітапқа оқушылар арнайы   папка жасап, толтырып өткізді. Әсіресе, қиял-ғажайып ертегілер ерекше орын алды. Өздері оқыған ертегілеріне байланысты кез-келген сұрақтарға  еркін жауап беріп, өз ойларын тиянақты жеткізе білді.

    Кітап адам ойын жүйрік етіп,  қиялын қанаттандыратыны анық. Сондықтан да бұл  жоба үлкен еңбекті, ізденісті талап етті. Оқушылардың көбі шын ниетпен ізденіп, талаптанды.

4 «Ә» сынып оқушылары домбырамен ұлттық әндерді орындап, тамсандырды. Домбыраның дауысы ерекше күмбірлеп, сезімге бөледі. Бұл сыныптың оқушылары түгелдей ертегі желісін, ертегінің негізгі ойын ашып, айқын айта білді. Әр оқушының кітапқа деген қызығушылығы байқалып тұр. 4 «Б» сынып оқушылары өздері оқыған ертегі кейіпкерлеріне байланысты бетперде жасаған. Бетперде түрлі түспен көркемделіп жасалған. Қазағымыздың ұлттық киімдерін дәріптеу мақсатында үлкен дайындықпен   келгені көрініп тұр. Оқушылардың ертегілері өте қызықты болды.Қанатқызы Бағымның орындауында «Туған жер» әнін жанды дауыспен орындап,керемет әсер қалдырды.

4 «В» сыныбына келер болсақ, бұл сыныптың оқушылары оқыған ертегілерін   әдеби көркем тілмен жеткізіп, әр қатысушының жүрегінен орын таба білді. Оқушылар талаптарға сәйкес жоғары дайындықпен келген.Барлық бала портфолио дайындап,оны безендіріп,өткізді. Потфолио толған қазағымыздың ертегілері.Бұл бізді ерекше қуантты.Осы жобаға өз оқушыларын дайындап,сыныпты көрнекі-құралдармен толтырып,қазағымыздың күйін күмбірлетіп дайындаған сынып жетекшілер:Диканбаева Баян Аргинбаевнаға,Нурахунова Роза Чукеевнаға,Сыдыкова Саягул Галаматовнаға  ерекше алғысымыз шексіз. «30 кітап, 30 ән» жобасы ел болашағы - жастарды зиялы, зерек етіп тәрбиелеуге үлкен бағыт-бағдар берді. Бәсекелестік, көшбасшылық сезімдерін де шыңдады. «30 кітап, 30 ән» жобасы бүгінгі қоғамның сұранысы – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, ұлттық мұраны бойларына сіңіруге және сол арқылы оқушыларға жол көрсетуге бірден-бір себепші болды.Қорыта келе ,4-сыныптың оқушылары «Мөлдір бұлақ» журналына жазылып,өз шығармашылықтарын дамытып отыруды ұйғарды. Жоба жоғары деңгейде өтті.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: