"30 кітап 30 ән" байқауы » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "30 кітап 30 ән" байқауы
03
ноябрь
2022

"30 кітап 30 ән" байқауы

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы "Д.Бабаев атындағы №115 ЖББ мектепте" 3 сыныптар арасында жылдағы дәстүр бойынша "30 кітап, 30 ән" байқауы мен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Тоқсанбаева Дәмет Шәлібекқызы мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен өтті. Сынып жетекшілер сыныпты безендіріп, жаңашыл әдістерді қолданды. Жүргізушілер кітаптың шығу тарихы туралы мәліметпен таныстырды. Әр сыныптың оқушылары өте жоғары дайындықпен келген. Оның ішінде 3"А" сынып оқушысы Ауған Диар  С.Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасына барып, видео материал дайындап көрсетті. Оқушылар  ертегілер мазмұнын айтып, өлең жолдарын жатқа айтты. Үздік оқырмандарды анықтап, мақтау қағазымен марапатталды. Оқушылар өздерінің оқыған ертегілері мен шығармалары жайында   ата-аналар көмегімен портфолиоларын талапқа сай дайындаған. Демалыс кездерінде ертегі, әдеби кітаптарды оқып келесі сыныптар жалғастырады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

15 февраль 2022 Іс -шара
28 октябрь 2021 Іс -шара