Тогузбаева Айман Уябаевна » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тогузбаева Айман Уябаевна
09
ноябрь
2022

Тогузбаева Айман Уябаевна

Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және жоғары деңгейлі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Бітірген оқу орны: Қазақтың қыздар педагогикалық институты. Жалпы еңбек өтілі: 25 жыл.

«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борыш. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Бүкіл ұстаздар қауымын әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Осындай қызығы мен қиыншылығы мол мамандықта қызмет атқарып жүрген ұзтаздардың бірегейі – Айман Уябаевна. Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты.

Ұстаздық дарын үздіксіз ізденісте шыңдалса ғана, мәуелі табыс тезірек тұлғаланбақ, оқушы санасында ұстаз қалдырған із ұзақ сақталмақ. Айман Ұябайқызы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша оқушыларды шығармашылық жұмыстарына баулып, олимпиада жеңімпаздарын дайындауда өз ісіне мығым. Осындай еңбектері еске­рі­ліп, 2017 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан алғыс хатпен марапатталды. Бұл – үздіксіз еңбек пен төгілген тердің шынайы нәтижесі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 сентябрь 2021 Іс -шара
20 январь 2015 Хабарландыру
20 январь 2015 Ыстық тамақ