Жансарова Жупар Турыспековна » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жансарова Жупар Турыспековна
02
ноябрь
2022

Жансарова Жупар Турыспековна

Жансарова Жупар Турыспековна

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы «Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және география пәнінің жоғары деңгейлі мұғалімі, педагог-сарапшы.

Бітірген оқу орны: Алматы мемлекеттік университеті. География және экология оқытушысы. 1994-1998жыл. Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл. Білім беру ұйымының басшысының орынбасары қызметі бойынша еңбек өтілі – 14 жыл.

Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің?!

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!

Сондықтан да келеді біле бергім...

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: