Алғашқы қоңырау » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2023

Алғашқы қоңырау

1 қыркүйек күні мектебімізде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Гимні орындалды. Жиында мектеп директоры Қазыбаев Талғат Талдыбайұлы барша жиынға қатысушыларды құттықтап, еліміздің білім саласындағы жаңалықтармен ,өзгерістерге тоқталып өтті. Жиын «Мектебім- мейірім мекенім !» атты тәрбие сабақтарымен жалғасын тапты.
2023-2024 оқу жылы бойынша 1 сыныпқа 100 бала қабылданды. Ата-аналарды, оқушыларды сынып жетекшілер мектеппен таныстырып, мектеп ережелері туралы ақпарат берді. Оқушыларының бейімделу деңгейлерін бағалау және психологиялық қолдау мақсатында сырттай бақылау жұмыстары басталып, алдағы уақытта жүргізілетін психологиялық әдістемелер тізбегі жасалды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: