«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиыны өтті » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиыны өтті
01
июнь
2023

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиыны өтті

Бүгін  Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте 2022-2023 оқу жылы ресми түрде аяқталып,  салтанатты соңғы қоңырау рәсімі өтті. Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатына 9-10-11 сыныптар қатысты. Жиынды «Шолпы» би ансамблі қазақ биімен ашып, ортаға бітіруші түлектер шықты. Осынау мерекелі күнде мектеп директоры Алия Сбанқұлқызы түлектерге өзінің жүрек жарды лебізін жеткізді. Жас түлектер өздерінің мектепке деген алғыстарын  білдіру үшін ортаға шығып ән айтып, би биледі. 

Соңғы қоңырау әрі көңілді, әрі мұңды мереке. Ұстаздарға мектеп бітіруші шәкірттерімен қоштасу оңайға соқпасы анық. Жас түлектің де үйренген орта, бауыр басқан адамдарынан алысқа кету үлкен жауапкершілік жүктейді. Жиын соңында мектеп бітіруші түлектер алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар белестің алғашқы баспалдағын сезініп, балдай тәтті күндерін артта қалдырды. 





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: