«Қарты бар үйдің -қазынасы бар» атты кеш өтті. » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарты бар үйдің -қазынасы бар» атты кеш өтті.
24
октябрь
2022

«Қарты бар үйдің -қазынасы бар» атты кеш өтті.

«Қарты бар  үйдің -қазынасы бар» атты  кеш болып өтті. 

Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектепте Халықаралық қарттар күніне орай, «Қарты бар  үйдің -қазынасы бар» атты кеш болып өтті. Кешке зейнеткер ұстаздаздар шақырылып,еңбектері   насихатталды. 

Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Кеш тізгінін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  шебер -педагогі  Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы    жүргізді.

 «Үлкенді сыйлау, құрметтеу ата-бабамыздан  келе жатқан салтымыз.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде үлкен кісілерімізге   мән беріліп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, мемлекетіміздің негізін салуға. саналы ғұмырларын мектепте 45-50 жыл үздіксіз білім беру саласында қосқан   ұстаздарымыздың үлестері мен  ғұмыр бойы істеген тынымсыз еңбектеріне сый-құр­мет көрсетілді.

Қаныша Қыдырбекқызы, Ботан Бекетбайқызы, Жанаргүл Қожашқызы. Күнсұлу Отарбаева, Шара Қайранбекқызы,  Гүлшария Жақсыбайқызы,

Рая Көштібайқызы, Жәмила Дәуренбекқызы, Сауле Қарышқызы, Рашида Жалаловна,Төлеусара  Набиқызы. Зейнеткер ұстаздарымыз ұстаздық қызметтегі   қызықты сәттерінен естеліктер айтып,  өмір жолдарынан сыр шертті.

Білім алушылар, ұстаздар, көрермендер зейнеткер ұстаздарымыздың тәжірибелерінің   қыр-сырларымен танысып, ақыл кеңестерімен тәлім -тәрбиесінен  өмірлік  сабақ, рухани азық   алды. Ұстаздарымыз  әуелетіп ән шырқап, тербетіліп  би билеп   кештің сәнін келтірді. Кештің әсерлі болғаны соншалықты, көрермендерімізбен келген қонақтар  бірін -бірі қимай қоштасты.

Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назгүл Сағынғалиқызы зейнеткер ұстаздарымыздың  мектептегі жүріп өткен жолдары жайлы естеліктерімен бөлісіп, келген қонақтарымызға алғысын білдірді. 

Кеш соңын Гүлнара Аманкелдіқызы   Президент Қ.К.Тоқаевтың "Жаңа  Қазақстан:жаңару мен жаңғыру жолы" атты жолдауындағы сөзімен аяқтады.

Еліміздің жас жеткіншектерін  отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалып­тастыруда  ардагер ата-апала­ры­мыздың өмірі мен еңбек жолдары  жас ұрпаққа үлгі.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

13 октябрь 2021 Вебинар
13 октябрь 2021 Әдістемелік
05 октябрь 2021 Іс -шара