Кездесу » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2022

Кездесу

Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

         Бүгінгі күні ерліктің даңқын асқақтатып,өздерінің азаматтық түр тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымыз қашанда, қай кезде де мадақ пен марапатқа лайық. Атақты жауынгер жазушы Б.Момышұлы: «Айбындылық аспаннан түспейді» деп қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Сондықтан Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу біздің азаматтық парызымыз . Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы  қандай құрметке болса да лайық. 

     Осы атаулы күнге байланысты мектебімізде АӘД мұғалімі Кемалов Нәби Макуловичтың ұйымдастырумен әскери патриоттық кеш  ұйымдастырылды , кездесуге  Айтжан Ә.С мен Бертаев Қ.С қатысып білім алушылармен сұхбаттасты.  Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын. Енді ондай соғыс ешқашан болмасын. Тәуелсіз елімізде мәңгі тыныштық орнасын! Еліміздің көк туы биікке желбіресін! 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: