Ержүрек отбасы » 115 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ержүрек отбасы
20
апрель
2018

Ержүрек отбасы

Ержүрек отбасы     Отан алдындағы өзінің адал қызметінен үлгі алатын тұлғаларымыз көбейуде. Себебі, ел тағдырын өз тағдырларынан биік ұстайтын жандар да бар. Қазіргі таңда әлемнің әр шалғайында орын алып жүрген бірнеше мыңдаған ұрлықтар жетерлік. Ұрылардың атын естіген сәтте халық түңілетін халге жетті. Осы уайымды жеңілдетуге арқау болған мына оқиғаға куә болдық. Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы №32,№84,№89,№115 жалпы білім беретін мектептерге түскен ұрыны құрықтауда ерлі-зайыпты жас отбасы Дайрабаев Арман Коптюлвич пен оның жұбайы №115 жалпы білім беретін мектептің ұстазыАтымтаева Жұлдызай Каримолдаевна ержүректілік пен төзімділік танытты.Ұрыны алдын ала жіберілген бейнежазбадан көрген жас отбасы өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін сезініп, жылдам әрекет жасағандарының арқасында білім ордасына түскен ұрыларды қолға түсіруді нысанға алған. Сол мезетте бейнежазбадан көрген күдіктіні жол бойында көлік ұстап тұрғанын байқап, артына түскен. Өздеріне төнуі мүмкін деген қауіпке қарамастан, әккі ұрыны тоқтаған аялдамасында қолға түсіреді.Бірден қылмыскерді ұрлық орын алған мекемеге жеткізіп №89, №115 жалпы білім беретін мектептерден қолды болған дүниелерін қайтартып, дереу тәртіп сақшыларының қолына тапсырады.

     Ал бұл ерлікті оқиғаны естіген мектеп ұжымдары үлгілі жас отбасыларына алғысын айтып, өздерінің шын жүректен шыққан лебіздерін білдірді. Жастар мен мектеп табалдырығындағы шәкірттерге үлгі боларлық іс жасады. Елін, Отанын қорғайтын осындай ержүрек жандарға үлкен рахмет!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: