Сейсмо жаттығу
Мектебімізде сейсмо жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет етуді үйрету. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, эвакуациялау жолдары көрсетілді. Барлық сыныптар белгіленген тәртіппен мектеп ауласына шықты. Мұғалімдер оқушылардың тәртіп сақтауын қадағалады. Бұл жаттығу бізге төтенше жағдайларда сабыр сақтаудың маңызын түсінуге көмектесті.