Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2026 года
Кәсіптік бағдар. Ашық есік күні
13
февраль
2026
Кәсіптік бағдар. Ашық есік күні
Д. Бабаев атындағы № 115 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары Алматы Экономикалық-Құқықтық-Педагогикалық колледжіне Ашық есік күніне барды. Онда колледждің оқу бағдарламаларымен, мамандықтарымен танысып, оқытушылармен кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, арнайы дайындаған ойындарына қатысып, жүлделер алды. 
Сейсмо жаттығу
12
февраль
2026
Сейсмо жаттығу
Мектебімізде сейсмо жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет етуді үйрету. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, эвакуациялау жолдары көрсетілді. Барлық сыныптар белгіленген тәртіппен мектеп ауласына шықты. Мұғалімдер оқушылардың тәртіп сақтауын қадағалады. Бұл жаттығу бізге төтенше жағдайларда сабыр сақтаудың маңызын түсінуге көмектесті.  
Кәсірптік бағдар
11
февраль
2026
Кәсірптік бағдар
Д. Бабаев атындағы № 115 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларына Алматы Темір жол көлігі колледжінен келіп оқуға түсу шарттарымен, мамандықтармен және құжат қабылдау мерзімдерімен таныстырды. 
«Назар аудар жаяу жүргінші»
10
февраль
2026
«Назар аудар жаяу жүргінші»
10.02.2026 жылы №115 жалпы білім беретін мектебінде «Назар аудар жаяу жүргінші» жедел профилактикалық іс-шара барысында Түрксіб ауданы ПБ ҚҚБ ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік аға инспекторы полиция майоры Қ.Н. Өмішева, полиция майоры Н.Қ. Шатунов директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Омирзаковамен бірлесіп бастауыш сыныптар арасында «Жол жүру ережелері қағидасы», «Бағдаршам» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Қолдау сабағы
09
февраль
2026
Қолдау сабағы
11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау көрсету мақсатында жаднама таратылды. Жаднамада оқушылардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, қобалжуды төмендету және өз-өзіне сенімділікті арттыруға бағытталған ұсыныстар қамтылды. 
Волейбол жарысы
07
февраль
2026
Волейбол жарысы
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен волейбол жарысы сәтті өтті. Жарысқа мұғалімдер, ата-аналар және мектеп оқушылары белсене қатысып, ерекше ұйымшылдық пен жоғары спорттық рух көрсетті. https://www.instagram.com/p/DUck2ZTDDcq/
Профилактикалық түсіндіру жұмыстары
06
февраль
2026
Профилактикалық түсіндіру жұмыстары
Түрксіб ауданы Полиция басқармасының жеке құраммен жұмыс бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Б.Н. Нақысбеков, ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Қ.Н. Өмішева, полиция аға лейтенанты Д. Нұржан, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Ә. Сламжанқызы №115 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында жеке құраммен жұмыс бөлімшесінің бастығы ішкі істер