Алматы қаласы Білім басқармасының
«№115 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 385 92 53
Есепші бөлімі:
+7 (727) 385 92 53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 59
Мадақтама
26
октябрь
2021
Мадақтама
"Қарттар айлығы" аясында Түрксіб ауданы оқушылары арасындағы "Тоғызқұмалақ" ұлттық ойынынан жекелей жарыс 7 ОҮ-де ұйымдастырылған болатын.Ойын жалпы 7-тур болып Швейцариялық жүйемен өтті.Білім алушы оқушыларымыз сол ойыннан жүлделі орын алып,медальдармен марапатталынып қайтты.Атап айтсақ: 1.Өсербай Жасұлан  l орын 2.Ақылбек Темірхан ll орын 3.Турганжанова Гүлсанам lll орын 4.Арқабай Алия lll орын 5.Өсербай Аслан  lll орын 6.Сұлтан Жансұлтан lll орын 7.Айдар Бернар lll орын
Диплом
23
октябрь
2021
Диплом
"Жас дарын" дарынды балалар орталығы Ұстаздар күніне орай ұйымдастырған республикалық балалар байқауында "ЭСТРАДАЛЫҚ ӘН" аталымы бойынша Ерлан Аңсар  1 орын алғаны үшін марапатталды.
Диплом
22
октябрь
2021
Диплом
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы "Патриоттық рух-басты құндылық" атты жобасына оқушыларымыз қатысып жүлделі орынмен қайтты.Атап айтсақ "Қасиетті домбырамен ән айту,күй тарту шығармашылық байқауынан 6 а сынып оқушысы Баязит Амирхан ll орынды, 8 б сынып оқушылары Қанатқызы Қарақат пен Елубай Ақерке lll орынды иеленіп қайтты.Сонымен қатар 8в сынып оқушысы Уали Дина және мектеп әкімшілігі белсене атсалысқаны үшін марапатталды.
Диплом
21
октябрь
2021
Диплом
Республикалық "Жас дарын" дарынды балалар орталығының ұйымдастырумен Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып өткізілген республикалық "ҰЛЫ ЕСІМ ИЕГЕРЛЕРІ" атты балалар байқауының Бас жүлдегерлері.
Диплом
16
октябрь
2021
Диплом
Пенчак Силаттан балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы ҚР Чемпионатында Тандинг бойынша ІІ орынмен Тұрғанжанова Гулсанам марапатталды.
Үйірме кестесі
13
октябрь
2021
Үйірме кестесі
2021-2022 оқу жылында №7 оқушылар үйінің келісім шарты бойынша мектебімізде би және домбыра үйірмесі жұмыс жүргізеді. Жамбасына шаққандағы қаржы есебінен берілген қаражат бойынша тоғызқұмалақ ұлттық ойыны жүргізіледі.
Сабақ кестесі 2021-2022 оқу жылы
12
октябрь
2021
Сабақ кестесі 2021-2022 оқу жылы
Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған сабақ кестесі.
Диплом
25
сентябрь
2021
Диплом
"Қала күні" қарсаңында  Түрксіб ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен тоғызқұмалақтан, Алматы қаласы жастар мен жасөспірімдер арасында жекелей ашық турнирден 115 жалпы білім беретін мектеп оқушылары жүлделі орынға ие болды.Олар: 1.Өсербай Аслан  6 б сыныбы - lll орын. 2.Өсербай Жасұлан 5 б сыныбы -  ll орын. 3.Ақылбек Темірхан 6 б сыныбы - lll орын. 4.Сұлтан Жансұлтан 4 в сыныбы- ll орын.
Іс -шара
23
сентябрь
2021
Іс -шара
Абай Құнанбаевтың  «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі бойынша ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер ұстазы  Көпеева Гүлнара Аманкелдіқызы.      Сабақ мақсаттары  нақты дұрыс қойылған .Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық , үлгілер, кестелер, оқытудың интерактивтік тақтаны) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де жақсы ұғынылуына қол жеткізді, Оқушылардың ой-санасын, қызығушылықтарын оятып,  өз беттерімен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлді.